19 шілдеден бастап барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ертеңнен бастап бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады
Ертеңнен бастап бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады/ фото: shutterstock

Енді пайдаланушылар қай банктің мобильді қосымшасын қолданса да, бір ғана QR-код арқылы төлем жасай алады. Аталған QR-төлем жүйесі 19 шілдеден бастап іске қосылады. Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«19 шілдеден бастап қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған бірыңғай банктаралық QR-код жүйесі жұмыс істей бастайды. Парламенттің қолдауымен 1 мамырда экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, түсінікті және институционалдық орта құрылды. Ұлттық банктің реттеуші орталығы базасында цифрлық қаржылық активтер саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылды», – деді Сүлейменов.

Айтуынша, жүйенің іске қосылуы тұтынушының немесе сатушының қай банкті пайдаланатынына қарамастан, бірыңғай QR-код арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 19 шілдеден бастап Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Үкіметтің бұған қатысты тиісті №388 қаулысы 2026 жылғы 13 мамырда қабылданды. Құжат банктаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалану тәртібін нақтылайды.

Kursiv.media бұған дейін бірыңғай QR-код жүйесіне қандай банктер қосылып үлгергенін жазды.

Сондай-ақ оқыңыз