Әлем Чемпионаты – 2026: 1-тур қорытындысы мен турнирлік кесте

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Әлем Чемпионаты – 2026: 1-тур қорытындысы / фото: FIFA

АҚШ, Мексика және Канада төрінде жалауы желбіреген футболдан Әлем чемпионатының 1-туры өз мәресіне жетті. Алғашқы кездесулерде-ақ күтпеген нәтижелер мен қызықты ойындар болды.

Kursiv.Media бірінші турдың негізгі қорытындылары мен командалардың қазіргі жағдайына шолу ұсынады.

Алғашқы турдың қорытындысы: командалардың әлеуеті қандай?

Алғашқы турда Алжирді 3:0 есеппен тізе бүктірген Аргентина командасы турнирдегі ең теңгерімді әрі тактикалық тұрғыдан ұйымдасқан ұжым ретінде көзге түсті. Месси бастаған жігіттер 2022 жылғы Әлем чемпиондары екенін де ұмытпаған жөн.

Шабуылы мығым, қорғанысы шикі фавориттер

Германия (Кюрасаоға қарсы 7:1) мен Англия (Хорватияға қарсы 4:2) шабуылда атой салғанымен, қорғаныс шебінде үлкен олқылықтар бар екенін байқатты. Сондай-ақ Франция Сенегалды 3:1 есеппен жеңгенімен, ойынында әлі де үйлесімділік жетіспейді. Алаңда басты плеймейкердің жоқтығынан бұл міндетті жас жұлдыз Майкл Олисе өз мойнына алуға мәжбүр. Мбаппе, Дембеле, Дуе сияқты «сен тұр мен атайын» деген жігіттердің әрқайсысы көрпені өз жағына тартып жатқандай көрінеді.

Үмітті ақтамаған құрамалар

Португалия, Испания, Бразилия және Түркия алғашқы турда үмітті ақтамады. Әсіресе, Конго ДР-мен тең түскен Португалия құрамасы Криштиану Роналдудың тактикалық «тұтқында» қалғандай әсер қалдырды.

Сенсация жасауға әлеуеті бар ұжымдар

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары өздерінің жауынгерлік мінезімен турнирде күтпеген нәтиже көрсетті. Сондай-ақ Испания қарсы ойында 0:0 есебімен тең түскен Кабо-Верде аралы да дүйім жұртты таңғалдырды.

Ал тарихи дебютін жасаған Өзбекстан құрамасы Колумбияға қарсы (1:3) алғашқы голын соққанымен, Латын Америкасының алпауытына қарсылық көрсете алмады.

1-турдан кейінгі турнирлік кесте

Төменде 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі командалардың алғашқы турдан кейінгі жағдайы көрсетілген.

Әлем чемпионаты 2026

1-турдан кейінгі турнирлік кесте

Группа A

🇲🇽 Мексика3
🇰🇷 Оңтүстік Корея3
🇨🇿 Чехия0
🇿🇦 ОАР0

Группа B

🇨🇭 Швейцария1
🇧🇦 Босния және Герцеговина1
🇨🇦 Канада1
🇶🇦 Катар1

Группа C

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия3
🇲🇦 Марокко1
🇧🇷 Бразилия1
🇭🇹 Гаити0

Группа D

🇺🇸 АҚШ3
🇦🇺 Австралия3
🇹🇷 Түркия0
🇵🇾 Парагвай0

Группа E

🇩🇪 Германия3
🇨🇮 Кот-д’Ивуар3
🇪🇨 Эквадор0
🇨🇼 Кюрасао0

Группа F

🇸🇪 Швеция3
🇯🇵 Жапония1
🇳🇱 Нидерланды1
🇹🇳 Тунис0

Группа G

🇳🇿 Жаңа Зеландия1
🇮🇷 Иран1
🇧🇪 Бельгия1
🇪🇬 Египет1

Группа H

🇺🇾 Уругвай1
🇸🇦 Сауд Арабиясы1
🇪🇸 Испания1
🇨🇻 Кабо-Верде1

Группа I

🇳🇴 Норвегия3
🇫🇷 Франция3
🇸🇳 Сенегал0
🇮🇶 Ирак0

Группа J

🇦🇷 Аргентина3
🇦🇹 Австрия3
🇯🇴 Иордания0
🇩🇿 Алжир0

Группа K

🇨🇴 Колумбия3
🇨🇩 ДР Конго1
🇵🇹 Португалия1
🇺🇿 Өзбекстан0

Шілденің 19-на дейін жалғасатын бұл дүбірлі додада топтық кезеңнен кейін мықтылар плей-оффқа шығады. Алда жанкүйерлерді бұдан да қызықты 2-тур матчтары күтіп тұр. Барлық ойын кестесін сілтеме арқылы көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз