7 жылда Қазақстанда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды – Тоқаев

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында сөз сөйлеген Тоқаев үкіметке елдегі ауруханалар мен емханаларды қайта жөндеуден өткізу туралы тапсырма берді.

«Алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет», – деді ол.

Президенттің дерегінше, 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынған. Олардың ішінде ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бар. Биыл тағы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жалпы алғанда ел бойынша соңғы жеті жылда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы да артқан.

«Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев «Астана медицина университеті» жоғары оқу орнына «ұлттық» мәртебесін беретінін мәлімдеді
 

Сондай-ақ оқыңыз