Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына әсер етті ме

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Business news бөлімінің редакторы
Теңге бағамы қандай болмақ / Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамы мен теңгедегі активтердің тартымдылығына кері әсер еткен жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Базалық мөлшерлемені төмендеткенде, теңге арзандайды деген еді. Негізгі мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендеттік, доллар сол күйі 484 теңге айналасында саудаланып жатыр. Оған қоса АҚШ пен Иран арасындағы келісім мұнай бағасын барреліне 100 доллардан 80 долларға дейін құлдыратып жіберді. Бірақ бұл жайт та теңге бағамына қатты әсер етпеді», – деді ҰБ басшысы

Сүлейменовтің пайымдауынша, қазір сарапшылар да, нарық ойыншылары да макроэкономика тұрақты екенін, инфляциямен күрес мақсатты жүріп жатқанын, экономикалық өсім бар екенін байқап отыр. Сондықтан қазір теңге бағамы тұрақты.

Осы аптада доллар үш күн қатарынан арзандады. KASE валюта нарығында доллардың бағасы 486,95 теңгеге дейін төмендеді. 

Сондай-ақ оқыңыз