Қазақстанда электромобильдерді ең көп тізгіндейтін қала анықталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Электромобильдердің көп бөлігі қай қалада тіркелген
Электромобильдердің көп бөлігі қай қалада тіркелген/ Фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросы елде қанша электрокөлік тіркелгенін, олардың көбі қай қалаға тиесілі екенін жариялады.

Бюро мәліметтеріне сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5,9 млн автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2%-ын жеңіл автомобильдер, 8%-ын жүк автомобильдері, 4,3%-ын тіркемелер, 1,5%-ын автобустар, 1,2%-ын мотоциклдер және 0,8%-ын басқа да көлік құралдары құрайды.

«Пайдаланылатын отын түрі бойынша автокөліктің 80%-ы бензинмен жүреді, 7,6%-ы – дизель отынымен, 6,5%-ы аралас отын түрін пайдаланады, ал газ баллонды көліктің үлесі 0,4%-ды құрайды», – делінген бюро хабарламасында.

Бұдан бөлек, электр қуатымен қозғалатын көлік саны – 32 479, яғни тіркелген жалпы автокөлік санының 0,5%-ын құрайды.

Электромобильдердің ең көп саны мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматыда – 17 506;
  • Астанада – 3 235;
  • Алматы облысында – 2 857;
  • Шымкентте – 1042.

Сонымен қатар Қазақстанда электромобильдерге арналған бөлек мемлекеттік нөмірлер енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз