Мейрамгүлдің жүрегіне сұғылған пышақ тереңдігі 18 см жеткен – сарапшы

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
сарсемалиев
Сотта сараптама нәтижесі оқылды/mgorod.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Атырау облысында қайтыс болған екі адамның сүйегінен тереңдігі 10-18 сантиметр жарақат ізі анықталған. Бұл туралы сот отырысына қатысқан сот-медициналық сарапшы Сержан Сейдешев айтты.

Маманның сөзінше, Наурыз Мұқанғалиевтің сүйегіндегі жарақат өлшемін нақты анықтау мүмкін болмаған.

«Мәйіт шіріген кезде адам ағзасындағы жарақат өлшемі кішірейеді. Бірінші жарақат тереңдігі – 8-10 см. Үшінші жарақат 10-12 см. Бесінші жарақат тереңдігі – 10-12 см, оныншы жарақат тереңдігі – 12-15 см. Осы төрт жарақат ішкі ағзаны зақымдаған», – дейді сарапшы.

Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне себеп болған жарақаттар:

  • Сол жақ өкпедегі №29 жарақаттың тереңдігі 12-14 см;
  • Жүрек қабындағы және жүрек аймағындағы №1 жарақаттың тереңдігі 8-10 см;
  • Жүрек аймағындағы №5 жарақат тереңдігі 15-18 см;
  • Бауыр аймағындағы №11 жарақат тереңдігі 12-15 см;

Бұған дейін сотта көрсетілген видеоларда марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен бөлініп қалғаны айтылды. Сарапшының сөзінше, марқұмның бас сүйегі өз бетінше ажырауы мүмкін. Ол сүйек көмілген топыраққа да тікелей байланысты. Сондай-ақ бас сүйегі мәйітті қазып алу кезінде денесінен бөлініп қалған болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз