Қор биржасындағы саудада доллар тағы арзандады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта доллар тағы арзандап, 487,73 теңгені құрады. Алдыңғы күнмен салыстырғанда ұлттық валюта 1,50 теңгеге нығайған. 17 маусым күнгі бағам 489,23 теңге болған.

Сауда барысында доллардың ең төменгі құны 487,00 теңге, ал ең жоғарғы көрсеткіші 488,90 теңге деңгейінде тіркелді. Сауда-саттық 487,20 теңгемен жабылды. АҚШ валютасымен жасалған мәмілелердің жалпы саны 841-ге жетіп, сауда көлемі 309,8 млн долларды құрады.

Бекітілген ережеге сәйкес, 19 маусымда қолданылатын ресми курс 487,73 теңге болып белгіленбек.

Еуразиялық даму банкі сарапшыларының болжамына сәйкес, АҚШ долларының орташа жылдық бағамы біртіндеп: 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те биыл доллар 515 теңгеге дейін қымбаттайтынына сенбейді. Өйткені теңгенің құнсыздануына себеп болар фактор жоқ, ел экономикасының көрсеткіштері тұрақты.

Сондай-ақ оқыңыз