Алматыда электрокар көп, бірақ үлесі әлі мардымсыз

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Алматыда электрокар үлесі әлі де мардымсыз / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда электрлі көлік нарығы біртіндеп өсіп келеді. Дегенмен жалпы автопаркпен салыстырғанда электрокарлардың үлесі әлі де өте төмен. Ел бойынша 5 млн-нан астам жеңіл автомобиль тіркелсе, соның 24,6 мыңы ғана электрлі көлік. Яғни жалпы автопарктегі үлесі шамамен 0,49%.

Электрокар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі. Қалада 15 280 электрлі автомобиль тіркелген. Бұл Қазақстандағы барлық электрокардың 62%-ына жуығын құрайды. Басқаша айтқанда, елдегі әрбір үш электрокардың екеуі дерлік Алматыда жүр.

⚡ Электрокар үлесі

Қазақстандағы жеңіл автомобильдер ішінде электрлі көліктердің үлесі

Ел бойынша 5,05 млн жеңіл автомобильдің 24,6 мыңы ғана электрлі. Ең жоғары үлес Алматы қаласында тіркелген.

Қазақстан бойынша жеңіл автомобиль

5 048 406

барлық тіркелген жеңіл көлік

Оның ішінде электрлі

24 634

электрокар саны

Электрокарлардың жалпы үлесі

0,49%

әр 10 мың көлікке шамамен 49 электрокар

Өңірлер бойынша үлес

Шкала Алматы қаласының көрсеткішіне қатысты есептелді

Алматы қаласы 627 284 көлік · 15 280 электрлі
2,44%ең жоғары
Астана қаласы 408 920 көлік · 2 885 электрлі
0,71%үлес
Шымкент қаласы 252 324 көлік · 949 электрлі
0,38%үлес
Алматы облысы 532 583 көлік · 1 589 электрлі
0,30%үлес
Жетісу 99 696 көлік · 198 электрлі
0,20%үлес
Жамбыл 273 546 көлік · 516 электрлі
0,19%үлес
Атырау 136 227 көлік · 251 электрлі
0,18%үлес
Қарағанды 326 263 көлік · 526 электрлі
0,16%үлес
Батыс Қазақстан 162 345 көлік · 252 электрлі
0,16%үлес
Маңғыстау 154 289 көлік · 236 электрлі
0,15%үлес
Солтүстік Қазақстан 165 496 көлік · 251 электрлі
0,15%үлес
Қызылорда 159 696 көлік · 217 электрлі
0,14%үлес
Ұлытау 33 426 көлік · 41 электрлі
0,12%үлес
Павлодар 185 400 көлік · 225 электрлі
0,12%үлес
Ақтөбе 197 864 көлік · 217 электрлі
0,11%үлес
Қостанай 229 823 көлік · 230 электрлі
0,10%үлес
Абай 91 915 көлік · 78 электрлі
0,08%үлес
Ақмола 228 221 көлік · 185 электрлі
0,08%үлес
Шығыс Қазақстан 288 016 көлік · 229 электрлі
0,08%үлес
Түркістан 360 690 көлік · 247 электрлі
0,07%үлес
Оңтүстік Қазақстан 117 889 көлік · 6 электрлі
0,01%ең төмен

Алайда Алматыны толыққанды «электромобиль қаласы» деуге әлі ерте. Өйткені қаладағы жеңіл автомобильдердің жалпы саны 627 мыңнан асады. Соның ішінде электрлі көліктердің үлесі небәрі 2,44%. Демек, Алматы электрокар саны бойынша айқын көшбасшы болғанымен, жалпы автопарк ішіндегі салмағы әлі мардымсыз.

Астанада 2 885 электрокар тіркелген. Бұл қаладағы барлық жеңіл көліктің 0,71%-ы ғана. Шымкентте электрлі көлік саны 949-ға жеткенімен, үлесі 0,38% шамасында. Өңірлердің басым бөлігінде көрсеткіш тіпті 0,1–0,2% аралығында қалып отыр.

Деректерге қарасақ, Қазақстандағы электрокар нарығы әзірге негізінен ірі қалаларда, әсіресе Алматыда шоғырланған. Бірақ абсолютті санның көп болуы нарық толық қалыптасты дегенді білдірмейді. Электрлі көлік әлі де жалпы автопарктің өте шағын бөлігін ғана құрайды.

Қысқасы, Алматы – электрокарлар ең көп қала. Соған қарамастан, тіпті Алматының өзінде электрлі көлік көпшілік мінетін көлік түріне айнала қойған жоқ. Нарық енді ғана қалыптасып келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандықтар шағын қозғалтқышты көліктерге көбірек ауыса бастағанын жасағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз