20 маусымнан бастап ЖОО-ларға құжат тапсыру басталады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
ЖОО-ларға құжат қабылдау қашан басталады
Фото: kursiv.media

20 маусымда ел бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды. ҰБТ-ны тапсырып грант конкурсына қатыспайтын талапкерлер ЖОО-ға оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра берсе болады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Гранттар конкурсына қатысуды жоспарлап отырғандар 13-20 шілде аралығында қатысуға өтініш беруі керек. Дәл осы кезеңде талапкерлер түскісі келетін мамандықтар мен ЖОО-ларды таңдайды.

Гранттар конкурсына өтінішті кез келген ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады.

Грант иегерлерінің тізімін ҒЖБМ (Ғылым және жоғары білім министрлігі) 10 тамызға дейін жариялайды.

Айта кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін айтты. Айтуынша, биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз