«Ойыншықтар хикаясы – 5» мультфильмін қазақша сөйлеткен кімдер

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Ойыншықтар хикаясы
фото: Pixar Disney

«Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмі 19 наурызда әлемдік прокатқа шықты. Мультфильм бірнеше тілге дубляждалған, оның ішінде қазақ тілі де бар. Картинаның дистрибьюциясымен айналысатын Ascar cinema ойыншықтарды қазақша сөйлеткен актерлерды таныстырды.

Анимациялық фильмдегі кейіпкердің бірі Доллиді блогер Бота Миа дыбыстайды. Трикси динозаврына Зарина Кармен, ал Тікенек мырзаға Асан Мәжит дауысын берген. Сондай-ақ дубляжға Әбілмансұр Серіков та қатысқан. Ал ойыншықтардың иесі Бониды Айзере Беркімбай дыбыстаған.

Қазақша дубляждың режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев. Ол бұған дейін «Моана», «Коконың құпиясы», «Арыстан патша», «Малефисента 2», «Мұзды өлке 2» және өзге де фильмдердің қазақша дубляжын басқарған.

«Ойыншықтар хикаясы 5» – Pixar Animation Studios компаниясы мен Walt Disney Pictures әзірлеген анимациялық фильмі. Жаңа серияда ойыншықтар гаджетпен күресіп, иесі Бонидың назары үшін таласады.

Мультфильмнің ресми трейлерін мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз