Қазақстан Ресейден әкелінген қиярды елге кіргізбей қойды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Александр Плонский / «Агроэксперт»

Ресейден әкелінген 6 тонна жаңа піскен қияр фитосанитариялық талаптарға сай болмай шықты. Осы себепті өнім Ресей Федерациясына кері қайтарылды деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің Мемлекеттік инспекция комитеті шекара арқылы өтетін өнімдердің қауіпсіздігін тексеру барысында осы заңбұзушылықты анықтаған. Белгілі болғандай, көкөністер заңда көрсетілген ережелерге сәйкес арнайы фитосанитариялық бақылаудан дұрыс өтпеген. Бұл ел аумағына зиянкестер мен өсімдік ауруларының еніп кетпеуі үшін жасалған шара.

«Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады», – деп ескертеді ведомстводан.

Тексеріс отандық ауыл шаруашылығын қорғау үшін алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тағы да оқыңыз: Қазақ-орыс шекарасында 1 мыңға жуық жүк көлігі кептеліп тұр

Сондай-ақ оқыңыз