Кірістер комитеті салығын дұрыс төлемеген кәсіпкерлерге ескерту жіберіп жатыр

Мемлекеттік кірістер комитеті төлеген салығы тапқан табысына сай келмейтін кәсіпкерлерге ескерту жіберіп жатыр. Салық органдары жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың «салық кабинетіне» арнайы Push-хабарлама жолдай бастады.
Бұл хабарламалар салықты тексеру емес, алдын ала көмек ретінде жіберіліп отыр. Мақсат – салық төлеушілердің есептеріндегі қате мен сәйкессіздікті дер кезінде анықтап, айыппұлдың алдын алу.
Ескерту отандық компанияларға ғана емес, ҚҚС (қосылған құн салығы) төлейтін бизнес пен шетелдік компаниялармен (бейрезиденттермен) жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де жіберілген.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін хабарламаның ішіне қатенің қалай табылғаны туралы түсіндірме мен оны өз бетінше тексеруге арналған нұсқаулық қоса тіркелген.
Салық қызметі кәсіпкерлерге өз құжаттарын қайта қарап, егер қате табылса, оны тезірек өздігінен түзетуге кеңес береді.
Ал егер қателер қазір түзетілмесе, келесі кезеңде жүйе автоматты түрде заң бұзылғаны туралы хабарлама (камералдық бақылау) жолдайды, ал бұл жағдайда кәсіпкер айыппұл арқалауы мүмкін.
Салық сарапшысы Дмитрий Казанцевтың айтуынша салық органдары әр азаматының тапқан табысы, кірісі мен шығысы, жұмсаған ақшасы жайлы егжей-тегжей ақпарат жинап, бақылап отыр.