Ыстықтың беті қайтады: демалыс күндеріне ауа райы болжамы

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Демалыс күндері 41 градусқа дейін аптап ыстық болады
Алдағы күндері аптап ыстық басылады/ фото: shutterstock

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жасады. Оған сәйкес 20-22 маусым күндері елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде екпінді жел соғады. Ал республиканың батысында аптап ыстықтың беті аздап қайтады.

«Алдағы демалыс күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Ал 21-22 маусымда батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжануда», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. 21-22 маусымда республиканың солтүстік-батысы мен орталығында 40-41 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Тек батыс аймақтарда ғана ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.

Бұған дейін синоптиктер шілдеде Алматы мен Астанада болатын ауа райына болжам жасаған еді. Оған сәйкес екі қалада да жаңбырлы күндер көп болады.

Сондай-ақ оқыңыз