Сәкен Майғазиев немересіне ат қойды
Жарияланды

Cәкен Майғазиев жаңа туған немересіне ат қойды. Бұл жайлы ол парақшасына жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
«Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, АЛЛА тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, АЛЛА тағала маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын», – деді әнші парақшасында.
Видеодан байқалғандай, әнші үйіне жақындарын жинап, дастархан жайып, немересіне азан шақырып ат қойған.
Белгілі әнші осыдан төрт күн бұрын немерелі болған. Оның үлкен ұлы Әділдің келіншегі Әдия босанды. Бұған дейін парақшасындағы видеосында жас жұбайлар болашақ сәби қыз екенін айтқан еді.