Елордадағы Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабық болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Астанада жол жабылады/фото: қала әкімдігі баспасөз қызметі

Астананың сол жағалауындағы Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелін салу» жобасы аясында 20 маусымнан бастап жыл соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады.

Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысы ашық болады», – деп хабарлады әкімдік.

Өзгерістерге байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін қаладағы төрт көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз