16 жыл бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған келіншек Қырғызстанда ұсталды

Баласының ержеткенін күтіп, жазадан уақытша құтылған, бірақ кейіннен іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы Қырғызстаннан экстрадицияланды. Бас прокуратураның араласуымен заң алдында жауап бермек.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2010 жылдың 23 қарашасында бір әйелге қатысты үкім кесті. Ол ақшалай сыйақы үшін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы 1 килограммнан асатын «гашиш» есірткі затын заңсыз өткізіп, сатпақ болған жерінен ұсталған.
Контрабанда мен аса ірі мөлшердегі есірткі саудасы үшін сот оны мүлкін тәркілей отырып, 15 жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Алайда сол тұста сот сотталушының артында қалған кішкентай баласы барын ескеріп, жазаны өтеу мерзімі баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге шегерілді. Осылайша, ол бірнеше жыл бойы пробациялық бақылауда жүрді.
Бірақ жазадан құтылғысы келген әйел 2017 жылы бақылаудан қашып, сот үкімін орындау үшінбой тасалаған. Соның салдарынан оған ресми түрде іздеу жарияланды.
Наурыз айында іздеуде жүрген келіншек Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында қолға түсті.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан жіберілген ресми сұраныстан кейін ол Қырғызстаннан экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта сотталған әйел тергеу изоляторына қамалды. Осыдан 16 жыл бұрын кесілген жаза енді өз мерзімінде өтейді.
Бұған дейін ҰҚК шетелде жасырынып жүрген төрт адамды елге қайтарған.