Кот-д’Ивуар сенсацияға жақын еді, бірақ Ундав бәрін өзгертті

Жарияланды 21 Маусым 2026 09:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Ойын тағдырын шешкен Дениз Ундав / фото: FIFA.com

Германия Кот-д’Ивуарды қиын матчта 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің бірінші таймында африкалық команда сенімдірек көрінді. 30-минутта Франк Кессие есеп ашып, Кот-д’Ивуарды алға шығарды. Германия үзіліске дейін екі рет гол соққандай болды, бірақ төреші екі эпизодты да фолға байланысты есепке алмады.

МинутКомандаГол авторыАссист
30’Кот-д’ИвуарФранк КессиеАссист тіркелмеген
68’ГерманияДениз УндавНадием Амири
90+4’ГерманияДениз УндавФеликс Нмеча

Екінші таймда Германия қысымды күшейтті. Нагельсманнның шешуші ауысымы –Дениз Ундавтың алаңға шығуы болды. 68-минутта ол Надием Амиридің пасынан кейін есепті теңестірді. Ал матчтың соңғы сәтінде, 90+4-минутта, Феликс Нмечаның пасын пайдаланып, жеңіс голын соқты.

Осылайша Германия матчты соңғы минуттарда жұлып алды. Кот-д’Ивуар ұзақ уақыт бойы сенсацияға жақын тұрды, бірақ Ундавтың дублі бәрін шешті. Германия плей-оффқа шықса, Кот-д’Ивуар соңғы турда міндетті түрде ұпай алуға тырысады.

Айта кетейік, Нидерланд құрамасы Швецияға қарсы ойында қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Матч 5:1 есебімен аяқталды

Сондай-ақ оқыңыз