Қазақстанда OMODA және JAECOO автокөліктерінің өндірісі басталады

Жарияланды
PR
Фото: АММКZ зауытындағы JAECOO J7 PHEV өндірісі

OMODA және JAECOO автокөліктерінің өндірісі Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында басталады. Бұл туралы Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің дистрибуциясы хабарлады.

Өндіріс желісін әзірлеу үшін Алматыға Қытайдан мамандар келді. Олар іске қосу және реттеу жұмыстарына қатысып, жабдықтарды баптаумен айналысады әрі Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының жергілікті мамандарға кеңес береді.

«Өндіріс қосылмалы гибридті JAECOO J7 PHEV моделін және бұған дейін Қазақстан нарығында ресми ұсынылмаған JAECOO J5 ықшам кроссоверін шығарудан басталады. OMODA бренді бойынша да жаңартылған C5 моделін жергілікті өндіріске дайындық жұмыстары жүргізілуде. Біз үшін өндірістік процестің нақты жолға қойылуы, сапа және Қазақстанда өндірілген автокөліктердің нарыққа уақытылы шығуын қамтамасыз ету маңызды», – деді OMODA және JAECOO дистрибуциясының директоры Александр Абрамов.

Автокөліктер сатылымын 2026 жылғы тамыздың соңы – қыркүйектің басында бастау жоспарланған. Бағалары тамыз айында жарияланады.

Фото: Өндірісті іске қосу үшін Қазақстанға Қытайдан OMODA және JAECOO инженерлері келді

Жаңа модельдер қатарындағы алғашқы көлік JAECOO J7 PHEV болады. Ол SHS фирмалық гибрид жүйесімен жабдықталған. Автокөлік бензин қозғалтқышы мен электр моторын үйлестіре отырып, жанармай шығынын азайтуға және жалпы жүріс қорын арттыруға мүмкіндік береді. Өндірушінің мәліметінше, халықаралық сынақтар барысында модельдің жалпы жүріс қоры 1200 шақырымнан асқан.

Бұл модель батыс нарықтарында өзін жақсы қырынан көрсетті. Ал 2026 жылғы наурызда JAECOO J7 кроссовері Ұлыбританиядағы жаңа автокөліктер сатылымы рейтингінде бірінші орынға шығып, осы жетістікке қол жеткізген Қытай автокөлік өнеркәсібінің тарихындағы алғашқы өкіл атанды. Сонымен қатар, аталған модель сатылымының 85%-ы дәл осы гибрид нұсқаға тиесілі болды.

Фото: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында JAECOO J7 PHEV автокөлігінің сынақ партиясы өндірілуде

Келесі жаңа модель JAECOO J5 болады. Бұл ықшам кроссовер белсенді өмір салтын ұстанатын және жиі саяхаттайтын қала тұрғындарына арналған. Көлік құрастырушылары үй жануарларының иелерінің жайлылығына ерекше көңіл бөліп, барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда салон қаптамасы оңай тазаланады және жануарлардың тырнақтарына төзімді, көпсатылы ауа тазарту жүйесі мен климат-бақылау қарастырылған, жануарларға арналған жиналмалы баспалдақтар және түрлі аксессуарлар қарастырылған. Көлік жасақтаушылардың айтуынша, JAECOO J5 — үй жануарларымен саяхаттауға арналған ең жан-жақты ойластырылған автокөлік.

Фото: JAECOO J5

OMODA моделдік қатарында жаңартылған C5 кроссовері де ұсынылады. Бұл модель заманауи цифрлы интерьерімен, жүргізушіге көмек көрсететін жүйелер кешенімен және халықаралық нарықтарда танымал болған брендтің бірегей дизайнымен ерекшеленеді.

Фото: OMODA C5

Айта кетейік, OMODA және JAECOO брендтері Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Африка, Австралия және Латын Америкасы секілді 70-тен астам елде ұсынылған. Қазақстан нарығына OMODA мен JAECOO ресми түрде 2023 жылы шықты. Ал 2026 жылдың сәуір айынан бастап олардың ресми дистрибьюторы болып Astana Motors компаниясы атанды.

Бар болғаны үш жылдың ішінде OMODA және JAECOO әлем бойынша сатылған автокөліктер саны бойынша бір миллиондық межеден асты. 2026 жылдың мамыр айында OMODA және JAECOO брендтерінің жаһандық сатылымы 75 911 автокөлікті құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе көп көрсеткіш. Оның ішінде 51 мыңнан астамы электр көліктер мен гибридтерге тиесілі болды.

Осылайша JAECOO J5, JAECOO J7 және OMODA C5 кроссоверлері әлемдік нарықта аталған брендтердің ең көп сұранысқа ие модельдерінің қатарына кіреді.

OMODA және JAECOO стратегиясы гибрид және электр негізіндегі технологияларды дамытуға бағытталған. SHS гибрид жүйесінен бөлек, компания электр көліктер желісін қарқынды түрде кеңейтіп, жүргізушіге арналған интеллектуалды көмекші жүйелерін енгізуде. Осылайша, әртүрлі нарықтар мен қолдауну жағдайларына арналған заманауи мобильділік экожүйесін қалыптастыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз