Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор Александр Пакты 10 жылға соттауды сұрады

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адам қайтыс болған іске қатысты сот жарыссөзі басталды. Прокурор Әлібек Күмісбеков қылмыстық істегі сотталушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Әл-Фарабидегі апат
2026 жылдың 21 наурызына қараған түні әл-Фараби даңғылында апат болып, үш адам қаза тапты. Олар: 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек.
Сот барысында айыпталушы Александр Пак кінәсін мойындап, марқұмдардың отбасынан кешірім сұрады. Сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін де қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ал жәбірленуші тарап Александр Пакқа кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот тергеуі аяқталмастан бұрын қылмыстық іске қайтыс болған Томирис Қыдырбектің әкесі Рүстембек Шатенов жәбірленуші ретінде қосылды.