Футболдан әлем чемпионаты: 22 маусымдағы ойын кестесі

Футболдан өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші тур матчтары жалғасып жатыр. Назарларыңызға 22 маусымнан 23 маусымға қараған түні өтетін кездесулердің кестесін ұсынамыз.
Аргентина – Аустрия (J тобы)
22 маусым, сағат 22:00 де әлемнің басты фавориттерінің бірі Аргентина құрамасы еуропалық ұжым Аустриямен топтағы бірінші орын үшін таласады. Қос кұрама да алғашқы ойындарында жеңіске жеткен еді. Аргентина 3:0 есебімен Алжир құрамасын жеңсе, Аустрия Иорданиядан басым түскен еді.
Франция – Ирак (I тобы)
Филадельфиядағы «Lincoln Financial Field» стадионында Франция құрамасы Ирак футболшыларын қабылдайды. Француздар бұл кездесуде айқын фаворит саналары сөзсіз. Алғашқы ойында француздар африка чемпиондары Сенегалды 3:1 есебімен жеңген еді.
Басталуы: 02:00
Норвегия – Сенегал (I тобы)
I тобының тағы бір тартысты ойыны Нью-Йорк қаласындағы Нью-Джерси стадионында өтеді. Алғашқы ойында Ирактың тас талқанын шығарған Норвегиялық «викингтер» африканың арыстандарына қарсы ойнайды.
Басталуы: сағат 05:00
Иордания – Алжир (J тобы)
Иордания мен Алжир құрамалары өз тобында үшінші орынға таласатындары анық. Қос араб елінің тікетіресі таңғы сағат 08:00 де басталады.
Барлық ойындарды тікелей эфирде QazSport және Qazaqstan арналары көрсетеді.