АҚШ Иранға қарсы санкцияларын алып тастады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
АҚШ пен Иран тулары
АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге жақын / фото: shutterstock

Құрама Штаттар 22 маусымнан бастап Иранға қарсы санкцияларын 60 күнге тоқтатты. Бейбіт келіссөздер нәтижесінде осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды Reuters.

Бұл уақытта Ливандағы әскери әрекеттер де тыншығаны байқалды. Келіссөздерде талқыланған мәселелердің бірі осы еді.

22 маусымнан бастап Ормұз бұғазында танкерлер қозғалысы қайтадан қалпына келе бастады. Ал мұнай бағасы арзандап жатыр.

АҚШ пен Иран келіссөздері Швейцарияда өткен. Америка вице-президенті Джей Ди Вэнстің мәлімдеуінше, осы кездесу түпкілікті бейбет келісімге негіз бола алады. Дегенмен, Reuters мәліметінше, Иран өзінің ядролық бағдарламасын талқылай бастағанын жоққа шығарып отыр.

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы, сонымен бірге Израиль күштерінің Ливанға соққылары мыңдаған адамның өмірін жалмады. Миллиондаған адам көшуге мәжбүр болды. Ирандағы соғыс әлем нарығын шайқады. Әсіресе мұнай қатты қымбаттады. Енді маңызды шикізат қайтадан арзандап жатыр.

Соғысты түпкілікті аяқтау үшін 60 күн ішінде бейбіт келісім қабылдануға тиіс.

Айта кетейік, 23 маусымдағы саудада Brent маркалы мұнай 0,3%-ға арзандап, барреліне 77,70 долларға түсті.

Сондай-ақ оқыңыз