Қазақстан нарығына Deepal мен Avatr көліктері келеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Аға журналист
Avatr 12 / Фото: changan-avatr.kz

Deepal және Avatr брендтері Қазақстан нарығына электромобильдер мен гибридті көліктерін биыл күзде шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Business FM эфирінде Changan компаниясының жергілікті дистрибуция директоры Денис Коломацкий мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай шешім Қытай автоконцерні өкілдерімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданған.

«Қазір біз модельдерді таңдап жатырмыз. Уақыт өте аз қалды. Болжам бойынша, күзде бұл көліктер Қазақстанда ресми түрде сатылымға шығады», деді Коломацкий сұхбат барысында.

Сонымен қатар ол аталған бренд көліктеріне ресми сервистік қызмет көрсету қолжетімді болатынын растады.

Deepal және Avatr қытайлық Changan автоконцернінің электр және гибридті көліктер шығаруға маманданған қосалқы брендтері.

Бұған дейін Қазақстанда Deepal, Avatr және Nevo маркаларының ресми дистрибьюторы Flying Auto компаниясы болған. 2025 жылдың қыркүйегінде елде Avatr 11 флагмандық электр кроссоверінің сатылымы басталды. Сол кезде аккумуляторлы Avatr 12 фастбегі мен гибридті Avatr 07 кроссоверін шығару жоспарланғаны да хабарланған еді.

Deepal маркасына келетін болсақ, бұл брендтің көліктерін Қазақстанға жеке импорттаушылар белсенді түрде әкеліп жатыр. «Сұр» нарықта ең сұранысқа ие модельдер S07 электр кроссовері мен G318 гибридті жол талғамайтын көлігі. Бұған дейін

Айта кетейік, OMODA және JAECOO автокөліктерінің өндірісі Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында басталады.

Сондай-ақ оқыңыз