Англия, Гана, Хорватия: L тобында бәсеке арта түсті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңнің 2-тур ойындары аяқталды. L тобының 2-ші туры аясында өткен тартысты кездесулер жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Хорватия Панаманы еңсерді

Панама мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесу тартысты өтті. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, екінші тайм басталған бойда қос команда да белсенділік танытты.

Матчтың тағдырын 54-ші минутта Хорватия құрамасының шабуылшысы Антонио Будимир шешті. Й. Станишичтің пасынан кейін ол Панама қақпасын дәл көздеп, есепті 0-1-ге жеткізді.

Англия мен Гана ұпай бөлісті

Топтың екінші матчында Англия мен Гана текетіресі орын алды. ФИФА рейтингінде 4-ші орында тұрған Англия бұл матчта айқын фаворит саналғанымен, Гана лайықты төтеп бере алды.

Қос команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, матч 0-0 есебімен тең аяқталды.

L тобындағы жағдай

#КомандаОйын (О)Голдар (Г)Ұпай (Ұ)
1.🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия24:24
2.🇬🇭 Гана21:04
3.🇭🇷 Хорватия23:43
4.🇵🇦 Панама20:20

Англия мен Гана 4 ұпаймен көш бастап тұрса, Хорватия бұл жеңісінен кейін 3 ұпаймен 3-ші орынға жайғасты және плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал екі ойында да жеңілген Панама соңғы орында қалып қойды. Алдағы 3-ші тур шешуші болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Өзбекстанға гол салып, рекорд орнатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз