Алматыда алғашқы кремация өткізілді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Kursiv.Media

Алматыда крематорий ашылғаннан бері бір-ақ рет кремация өткізген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жіберген Centralmedia24 жазады.

Басқарма дерегінше, бұрын Астанада тұрған марқұм әйелге кремация жасалған.

Жалпы қалалық патологоанатомиялық бюроға Алматы тұрғындарынан кремация қызметін алу туралы 18 өтініш түскен. Сонымен қатар марқұмдардың туыстарынан да кремация жасауға ниет білдірген өтініштер келген. Алайда олар бұл шешімді заңды түрде растайтын ешқандай ресми құжат ұсынбаған.

Алматыда кремация құны 240 мың теңгені құрайды. Бір процедура шамамен екі сағатқа созылады. Ал пеш толық қуатында жұмыс істеген жағдайда, тәулігіне 8 мәйітті кремациялауға мүмкіндік бар.

Қазақстандағы алғашқы крематорий осы жылы 30 сәуірде ашылған. Нысан Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданында, жаңа зираттың маңында бой көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз