Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өндіріп сатқан 4 фармацевтикалық компания анықталды

Алматыда көрші елдерден заңсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған төрт фармацевтика компаниясы анықталды. Олар контрабандалық дәрілерді елдегі дәріханалар желісі арқылы сатып келген. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасап, заңсыз өндірілгенін анықтады.
Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды. Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды.
«Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады», – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ дәрілік заттарды жеткізу арналарының, оның ішінде шетелден жеткізу жолдарының барлығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді.