Әлем чемпионаты: Франция Норвегияға қарсы ойын алдында бапкерсіз қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Дешам
Франция бапкері Дидье Дешам / фото: reuters

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы Әлем чемпионаты өтіп жатқан жерден шұғыл түрде еліне қайтты. Бапкердің анасы қайтыс болып, команданы уақытша тастап кетуге тура келген.

Франция футбол федерациясы тәжірибелі маманға жерлеу рәсіміне қатысу үшін отанына баруға рұқсат берді.

Топтық кезеңнің соңғы матчы бапкерсіз өтеді

Осы жағдайға байланысты Дидье Дешам топтық кезеңнің үшінші туры аясындағы Норвегияға қарсы кездесуге қатыспайды. Айта кету керек, бұл ойын француз ұжымы үшін топтық кезеңдегі қорытынды ойын болмақ.

Дешамның жетекшілігімен Франция құрамасы биылғы дүниежүзілік доданы сәтті бастаған еді. Алғашқы екі ойында да сенімді жеңіске жетіп, 6 ұпай еншіледі. Осылайша, француздар мерзімінен бұрын плей-офф (1/16 финал) кезеңіне жолдама алып қойды.

Франция құрамасының Норвегияға қарсы кездесудегі басқару тізгіні уақытша бапкерлер штабындағы көмекшілеріне жүктеледі.

Сондай-ақ оқыңыз