Чайлдфри болу шариғатқа жат па: ҚМДБ үкім шығарды

Чайлдфри болу яғни балалы болудан саналы түрде бас тарту – шариғатқа жат дүние. ҚМДБ осындай үкім шығарды.
Дін мамандарының сөзінше, саналы түрде балалы болудан бас тарту ислам тұрғысынан құпталмайды.
«Бұл идеология адам болмысына (фитрасына) қайшы. Үйлену және ұрпақ сүю – табиғи құбылыс. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне қайшы. Неке қию – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Оның негізгі мақсаттарының бірі – адамзат тегінің сақталуы мен ұрпақтың жалғасуы», – деп жазылған ҚМДБ сайтында.
Басқарма жалпы чайлдфри идеологиясы адам табиғатына және неке мақсатына қайшы, қоғам мен ұлттың болашағына кері әсерін тигізеді деп есептейді. Бірақ ол көзқарасты жақтаушылар баланы жек көреді деген сөз емес деп атап өтеді. Чайлдфрилер тек бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашып, қосымша жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді.
2025 жылғы дерек бойынша, елімізде 1 млн отбасының баласы жоқ. Бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әлеуметтік және экономикалық жағдай әсер етіп отыр.
Тағы да оқыңыз: ҚМДБ коллаген ішуге қатысты пәтуа шығарды