Эбола Еуропаға жетті, Францияда бір жағдай тіркелді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: AFP PHOTO

Францияда Эболамен ауырған алғашқы жағдай тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауру Конгоға гуманитарлық сапармен барып келген дәрігерден анықталды.

Ол елге келе салысымен оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Қазір дәрігермен байланысқан барлық адамдар тексеріліп жатыр. Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, олар үш апталық карантинге жіберіледі.

Дәрігер келген Конго республикасында мамырдың ортасында Эболаме ауырған 1000 адам анықталды, 254 адам қайтыс болды. Мамандар сөзінше, індет ошағы – Итури провинциясы, ол жерде қарулы қақтығыстар болғандықтан дәрігерлер жұмысы қиындап жатыр.

Көрші Угандада да Эболамен ауырған бірнеше адам анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру одан әрі таралып, жағдай ушығып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Тағы да оқыңыз: Эбола таралуына байланысты АҚШ грин-карта иелеріне елге кіруге тыйым салды

Сондай-ақ оқыңыз