Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық арзан бағамен қайта саудаға салынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық арзан бағамен сауда-саттыққа қайта шығарылды / Фото: sauda.e-qazyna.kz

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Алматыдағы Kaisar Plaza бизнес орталығын электронды сауда-саттыққа қайта шығарды.

Аукцион туралы ақпарат sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылды. Бұл жолы бастапқы баға 14 млрд теңгеге төмендеді.

Жалпы ауданы 63 920 шаршы метрді құрайтын Kaisar Plaza сауда іскерлік орталығының бастапқы бағасы енді 47 344 075 556 теңгені құрайды. Электрондық аукционның басталуы 2026 жылғы 10 шілдеге сағат 12:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, бастапқыда Ғимараттың құны 61 547 298 223 теңге болып, кейіннен 54 445 686 890 теңгеге дейін арзандаған еді. Алайда бұл бағаға оны алуға қызығушылық танытқандар болмады.

2025 жылдың ақпан айында Kaisar Plaza қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға берілген еді.

Бұған дейін Алматыда орналасқан «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы осымен бесінші мәрте электронды аукционда өтпей қалған

Сондай-ақ оқыңыз