Президент төрт заңға қол қойды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Президент төрт заңға қол қойды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Republicсының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасау және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз