Венесуэладағы зілзаладан соң Жапонияда 6,9 балдық жер сілкінісі болды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Жапонияда цунами қаупі жоқ / фото: REUTERS/Issei Kato
Цунами қаупі жоқ. Көрнекі сурет / фото: REUTERS/Issei Kato

Венесуэладағы зілзаладан 26 минут өткенде Жапонияда магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу елдің солтүстік-шығысындағы Тохоку өңірінде болды.

Reuters мәліметінше, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ. Дүмпу теңіз деңгейіне айтарлықтай әсер етпеген.

Осы өңірдегі Онагава және Хигасидори атом электр станциялары бүлінбегені хабарланды. Алайда билік жүйрік пойыздар қозғалысын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

Жапония әлемнің сейсмикалық белсенді белдеуінде орналасқандықтан, мұнда жерасты дүмпулері жиі болып тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда Астана уақытымен таңертең сағат 04:04-те Венесуэлада магнитудасы 7,5 балға жеткен зілзала болды. Ел астанасы Каракас қаласында ғимараттар қирады. Әзірге билік қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет таратқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз