Әлемдік нарықта алтын бағасы арзандап жатыр

Әлемдік нарықта алтын бағасы 2025 жылдың қараша айынан бері алғаш рет унциясына 4000 доллардан арзандады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ долларының нығаюы мен пайыздық мөлшерлеменің өсуіне қатысты болжамдар бағалы металл құнының соңғы үш жыл бойы жалғасқан өсімін тоқтатты.
24 маусымдағы сауда-саттық барысында алтын бағасы 3,7%-ға арзандап, бір унция үшін 3970 доллардан төмен көрсеткішке дейін құлдырады.
Сонымен қатар күміс бағасы да желтоқсан айынан бері алғаш рет унциясына 60 доллардан арзандап, қаңтардағы ең жоғары шегімен салыстырғанда 50 пайызға арзандады
Осы жағдайға байланысты бірқатар ірі банктер бағалы металға қатысты өз болжамдарын қайта қарады.
Goldman Sachs Group Inc. сарапшылары болжамын 500 долларға төмендетіп, уциясына 4900 доллар деңгейінде белгіледі. Deutsche Bank AG да төртінші тоқсанға арналған бағасын 17%-ға қысқартты.
Дегенмен, орталық банктер тарапынан алтын сатып алу белсенділігі әлі де жоғары. 2026 жылдың бірінші тоқсанында олар алтын резервтерін үздіксіз толықтырды. Сарапшылардың пікірінше, бұл сұраныс нарықты қолдайтын негізгі фактор болып қала бермек.
Айта кету керек, соңғы үш жылда алтын бағасы жыл сайын екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп, осы кезеңде екі есе қымбаттаған болатын. Нарықты орталық банктер, инвестициялық қорлар және жеке инвесторлар қолдап келді. Алайда, ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында баға 5600 доллар деңгейіндегі тарихи максимумына жеткеннен кейін, өсім бәсеңдеп, содан бері 20%-ға құлдырады.
Алтын бағасына қысым жасаған негізгі факторлардың бірі АҚШ пен Иран арасындағы соғыс болды. Энергия ресурстары бағасының күрт өсуі инфляциялық тәуекелдерді күшейтіп, пайыздық мөлшерлемелердің көтерілу ықтималдығын арттырды. Бұл алтынның АҚШ мемлекеттік облигациялары сияқты табысты активтермен салыстырғандағы тартымдылығын төмендетті.
Нарыққа қосымша қысым АҚШ Федералды резерв жүйесінің жаңа төрағасының мәлімдемесінен кейін күшейді. Өткен аптада ол инфляциямен қатаң күрес жүргізу ниетін білдіріп, мөлшерлемелерді алдағы уақытта да көтеру мүмкіндігін жоққа шығармады. Осыдан кейін алтын небәрі жеті сауда сессиясында құнының 8%-ға жуығын жоғалтты.
22 масымда алтын бағасы сәл көтеріліп 4200 долларда асқан болатын. Бірқа сол кезде сарапшылар нарықтағы жағдай бағаның одан әрі өсуін тежеп тұрғанын айтқан.