Астаналықтар үшін демалыс күндері арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media архиві

Астанада 27-28 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады«, –  делінген хабарламада.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.

Сондай-ақ оқыңыз