Венесуэладағы зілзаладан қайтыс болған құрбандар саны үш есе өсті

Венесуэлада жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 164-ке дейін өсті, тағы 971 адам жарақат алды. Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес хабарлады деп жазады CNN.
Родригестің сөзінше, ең қатты зардап шеккен – ел астанасы Каракастың солтүстігіне қарай орналасқан Ла-Гуайра ауданы. Қазір негізгі құтқару күші сонда жұмылдырылған.
«Ол жақта ондаған ғимараттар қирады. Қазір адамдарды құтқару үшін үздіксіз операциялар жүргізіп жатырмыз», – деді Венесуэла президентінің міндетін атқарушы.
164 құрбан соңғы цифр емес, билік бұдан әрі көбеюі мүмкін деп қауіптенеді. Бұған дейін 32 адам қайтыс болды, 700 адам жараланды деп хабарланған еді. АҚШ геологиялық қызметі (USGS) екі ірі дүмпуден 10 мыңнан 100 мыңға дейін адам зардап шегуі мүмкін деген болжам айтады.