Жания Джуринская күнге әдемі күюдің сырымен бөлісті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
instagram.com/djurinskaya бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
instagram.com/djurinskaya бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Актриса әрі блогер Жания Джуринская әйелдерге теріге алтын түсті реңк беретіндей күнге күюдің сырымен бөлісті.

Айтуынша, бұған бір затты пайдалану арқылы қол жеткізуге болады екен.

«Сіздерге қалай күнге әдемі күюдің құпиясымен бөліскім келіп тұр. Мен бұл мәселеде бірдеңе білетініме көз жеткізейін», – деп күйген денесін көрсетті.

Десе де, ол денесіндегі алтын түстес реңкті камераның анық көрсетпей тұрғанына қынжылыс білдірді.

«Мен өмірде күнге әдемі күйгенмін. Тек иықбаудың ізі көрінеді. Өйткені, бұл – тренд. Тері сау әрі әдемі болып көрінетіндей күнге күйюді енді ғана үйрендім», – деді актриса.

Оның айтуынша, күнге күймес бұрын алдымен теріге пилинг жасау керек.

«Мен скрабпен тазарттым. Бұл – өте керемет екен. Мұның ішінде теңіздің тұзы, қант, кокос майы бар. Бұл заттың бағасы небәрі 3 мың теңге ғана тұрады», – деді Жания Джуринская.

Оның айтуынша, бұл заттың түрлі жағымды иістері бар. Қалауыңызша таңдау жасауға болады.

Айта кететін жайт, Жания Джуринская былтыр сәуірде Бішкекке барып бірнеше операция жасатып келген. Жания маммопластика ғана емес, бөксесіне — липофилинг, ішіндегі артық майды кестіретін абдоминопластика да  жасатқан.

Сондай-ақ оқыңыз