Алматыда куәгерлер жер астынан шыққан өрт туралы хабарлады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда куәгерлер жер астынан шыққан өрт туралы хабарлады / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматы орталығында жер астынан лаулап шыққан өрт қала тұрғындарының зәресін алды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 25 маусымда күннің екінші жартысында Алмалы ауданындағы Гагарин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында куәгерлер жер асты коммуникацияларының тұтанғаны туралы хабарлаған.

«Оқиға орнына дереу полицейлер, өрт сөндірушілер, апаттық қызмет өкілдері мен энергетиктер жетті. Тәртіп сақшылары қауіпті аумақты қоршауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, ал өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті», — деп хабарлады қалалық полициядан.

Мамандардың алдын ала берген ақпараты бойынша, оқиғаға жер асты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Өрт жедел түрде оқшауланып, сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, осыған дейін 23 маусым, сейсенбі күні Астана қаласында 13 қабатты тұрғын үй өртенген еді

Сондай-ақ оқыңыз