Енді Қазақстанның жүргізуші куәлігімен Араб елдерінде жүре беруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Polisia.kz

Енді Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігімен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүре алады. Абу-Дабиде Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен БАӘ премьер-министрінің орынбасары Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян кездесіп, осындай келісімге қол қойды.

«Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдіктер әкелмек», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Меморандум аясында екі ел азаматтары құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастай алатыны жазылған.

ІІМ дерегінше, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады.

Тағы да оқыңыз: Қырғызстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі пайда болады



Сондай-ақ оқыңыз