Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі тау-кен секторынан озды – министр

Жарияланды 26 Маусым 2026 14:28

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев / фото: ҚР Үкіметі

Қазақстан экономикасында маңызды өзгеріс байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру секторынан жоғары болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіру секторының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 11,9% болса, өңдеу өнеркәсібі 13%-ға жеткен.

Бұл Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділікті азайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге көбірек бет бұра бастағанын көрсетеді.

Үкімет ірі өндірістік жобаларға басымдық беріп отыр. Олардың қатарында Қостанайдағы Kia зауыты, Алматыдағы Astana Motors автожобасы, Астанада Stadler вагондарын шығару, Павлодардағы ферросилиций және алтын өндірісі, Жамбыл облысындағы кальцийленген сода мен тыңайтқыштар жобалары бар. Сондай-ақ Қызылорда облысында Roca Group қатысуымен санфаянс өндірісі, Түркістан облысында Lihua Group тоқыма кластері іске қосылмақ.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, биыл елімізде жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын өңдеуші өнеркәсіптің 200 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Егер бұл жобалар толық іске асса, Қазақстан экономикасында өңдеу өнеркәсібінің рөлі одан әрі арта түсуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз: Тұтынушылық сұраныстың төмендеуі бизнеске кері әсер етіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз