Ертең елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

27 маусымда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде +41 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстігінде +35…+38°C қатты ыстық болады.
Түркістан облысында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде және Ұлытау облысының оңтүстігінде +40…+41°C градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
«Қазақстанның барлық аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Еліміздің батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын жазған едік.