Бейжіңдегі ең биік зәулім ғимаратқа ұшақ соғылды

Ғимаратқа жеңіл моторлы Sunward SA60L Aurora ұшағы соғылған, деп жазады CNN.
Кішігірім ұшақ Бейжіңдегі ең биік зәулім ғимарат – CITIC Tower-ға (China Zun) соғылды, деп хабарлайды CNN. Зәулім ғимараттың биіктігі — 109 қабат.
Телеарнаның мәліметінше, ғимараттан адамдар эвакуацияланған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. CNN жарияланған фотосуреттерге сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаға жергілікті авиациялық компанияға тиесілі Sunward SA60L Aurora жеңіл моторлы ұшағы қатысы болуы мүмкін екенін жазады.
The New York Times газетінің хабарлауынша, соққыдан кейін көшеге ғимараттың ірі сынықтары мен ұшақ бөлшектері құлаған. Басылым сөйлескен куәгердің айтуынша, оқиғадан кейін басынан жарақат алған бір әйелді жедел жәрдем көлігімен алып кеткен.
Reuters агенттігінің мәліметінше, полицейлер ғимаратқа апаратын жолдардың бір бөлігін жауып, оқиға орнына өтуді шектеген және өтіп бара жатқан адамдардың видео мен фотоға түсіруіне рұқсат бермей жатыр. Агенттік тілшісі де ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде шыны панельдің жоқ екенін хабарлады.