Тағы соғыс: АҚШ Иранға соққы жасады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Reuters

АҚШ әскерилері қайта Иранға соққы берді. Ормуз бұғазындағы жүк кемесіне Иранның дрон шабуылы жасағаннан кейін, Ақ үй осындай жауап қайтарды. Енді екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап отыр деп жазады Reuters.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәлімдеуінше, авиация Иранның зымырандар мен дрондар сақталатын орындарға, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық станцияларына соққы берген. Кейінірек осы жарылыстың бұлыңғыр ақ-қара видеосын жариялады.

Ал Иран тарапы елдің оңтүстігіндегі Сирик ауданындағы айлақ маңына снаряд түскенін хабарлады. Осыдан кейін Иранның әскери-теңіз күштері жауап ретінде аймақтағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Алайда Тегеран нақты қандай нысандардың зақымдалғаны туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.

Еске салайық, осыдан бес күн бұрын ғана Швейцариядағы күрделі келіссөз өтіп, АҚШ пен Иран 60 күндік жол картасына келіскен еді. Осыдан кейін Құрама Штаттар 22 маусымнан бастап Иранға қарсы санкцияларын 60 күнге тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыз