Филиппинде 6 баллдық жер сілкінісі болды
Жарияланды

26 маусым кешке Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Шығыс Давао провинциясында тіркелді деп хабарлады Филиппин вулканология және сейсмология институты.
Ведомство мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 19:34-те Балут аралы жағалауынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 90 шақырым жерде тіркелген. Ал оның орталығы 10 шақырым тереңдікте болған.
Әзірге қанша адамның құрбан болғаны немесе зардап шеккені туралы нақты деректер жоқ.
25 маусымда Венесуэлада 7,5 балдық жойқын зілзала болды. Әуелі магнитудасы 7,2 балдық, содан ізін сала 7,5 балдық екі ірі дүмпу тіркелген.
Соңғы мәлімет бойынша, табиғат апатынан кем дегенде 235 адам қаза тауып, 4,5 мың адам жараланды.