Қазақстанда төрт күндік жұмыс күні енгізілуі мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы кейбір өндіріс салалары уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына көше бастауы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу мүмкіндігі заңнамада бұрыннан қарастырылған. Бірақ әдетте жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісімге байланысты енгізіледі.

«Егер ұйымның қызметіне қатысты барлық мәселелерді шешуге төрт күн жеткілікті болса, жұмыс беруші мұндай шешімді қабылдай алады. Біз бұған біртіндеп келеміз деп ойлаймын. Қалай болғанда да, жекелеген салалар уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына көше бастайды», – деді Асқарбек Ертаев.

Шенеуніктің сөзінше, төрт күндік жұмыс режиміне алғашқы болып көшетін ұйымдар басқа салалар мен жұмыс берушілер үшін үлгі болады. Кейіннен бұл тәжірибе зерттеліп, кеңінен енгізіле бастайды.

Бірақ ол барлық қазақстандықтарды төрт күндік жұмыс аптасына міндетті түрде көшіру жоспарланбағаныны атап өтті. Мұндай мәселелер нақты ұйымның қызметін ескере отырып, қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша шешілуі тиіс.

Бұған дейін еңбек министрі сәбиін көтеріп, курьер болған ананың оқиғасына қатысты пікір білдірген, мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз