Алматы-Өскемен тас жолында апат болып, бес адам қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
За смертельное ДТП из четырех машин водитель в Жетысу получил 2,5 года колонии
фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен тасжолында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні кешке Алматы – Өскемен автожолының 432-шақырымында болған. Екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші де, сондай-ақ үш жолаушы көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Олар медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта қажетті көмек көрсетілуде.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның барысында болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Алматы – Қорғас тасжолында көлік апатынан үш адам қаза тапқан еді. Марқұмның туыстарының сөзінше, жол апатына полиция қызметкері себепкер болған.

Сондай-ақ оқыңыз