Астанада ескі вокзалдың төбесі опырылып құлап түсті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астана ескі вокзалдың төбесі опырылып құлап түсті
Астана ескі вокзалдың төбесі опырылып құлап түсті / threads.com/@astana_news01

Астанадағы ескі вокзалдағы асхананың төбесі опырылып қалды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ескі вокзалда болған оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Автордың сөзінше, 28 маусым күні таңертең асхана ішінде төбенің бір бөлігі құлаған. Дәл осы сәтте ғимаратта 8-9 адам болған.

Жазбаның астына ҚТЖ баспасөз қызметі пікір қалдырды. Белгілі болғандай, төбе қаптамасының ішінара құлауы таңғы сағат 05:35 шамасында болған.

«Астана вокзалының медициналық пунктіне қоғамдық тамақтану орнында болған екі адам жүгінді.Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Келушілер жедел жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты. Оқиға фактісі бойынша Астана вокзалы бастығының кезекші көмекшісі тиісті актіні толтырды», – деп толықтырды ҚТЖ өкілдері.

Компания ғимараттың бұл бөлігі 2002 жылдан бері ЖШС-ге тиесілі екенін айтты. Ғимарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның технологиялық процесінде пайдаланылмайды және компания бұл нысанға билік етуге құқылы емес.

Сондай-ақ оқыңыз