ҰБТ-да көмектесемін деп 32 адамды алдап кеткен күдікті Албаниядан елге жеткізілді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
ҰБТ-да көмектесемін деп 32 адамды алдап кеткен күдікті Албаниядан елге жеткізілді
ҰБТ-да 32 адамды алдап кеткен күдікті елге жеткізілді / фото: kursiv.media архиві

Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындап Жоғары оқу орнына түсіремін деп кепілдік берген. Алайда 32 талапкерді 28 млн теңгесіін алып ізін суытқан. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, 2025 жылдың мамыр айында күдікті Албания Республикасында ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында елге экстрадицияланды.

«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды», – деп мәлімдеді прокуратура.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Бұған дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданында бір алаяқ мүмкіндігі шектеулі азаматқа қайтарымсыз несие алып беруге уәде беріп, оны алдап кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз