Еркебұлан Тоқтарға полиция айыппұл салды

Ақтөбелік полиция қызметкерлері актер әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтарға көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салды.
Еркебұлан Тоқтар полицияның әрекетіне риза болды. Ешқандай қынжылыс білдірмеді. «О, осы керек! Өкіметке де беріп тұрайық!» деп күлді ол.
Қасындағы серігі полиция қызметкерлері Еркебұлан Тоқтардың қонақ екенін айтып, ескертумен шектелуге шақырғандай болған еді, актер дереу тойтарып тастады.
«Керек емес. Бұл аяқтан шалу емес. Мұны заң дейді. Қайта бұған қуанып тұрмын. Көрді де, бірден келді. Жазып кетіп жатыр (хаттаманы – ред). Бұл – заң жұмыс істейді деген сөз. Кім болсаң да, заң жұмыс істейді. Біреу келіп, шектен шығып кетпейді. Мен соған сенімдімін. Себебі полиция жұмыс істеп жатыр. Мен ойланбай қалыппын», – деп ақталды жауынгер.
Еркебұлан Тоқтар өзіне айыппұл салған полиция қызметкерлерімен бірге фотоға түсіп, қол беріп, қош айтысты.
Актер жақында жаңа бизнесін таныстырды. Ол – TokBurger деп аталатын жылдам тамақтану орындары. Бұл бизнесті бастау үшін 3 ай уақыт жұмсап, 50 млн теңге инвестиция салған.