Соғыс, терроризм, төтенше жағдай кезінде журналистер қалай әрекет ету керек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock.com

Алматыда «Әскери дискурс – 2026» оқу-практикалық журналистика семинары басталды. Жыл сайын өтетін шараға қатысу үшін Астана, Алматы қалаларынан БАҚ өкілдері жиналды. Олар төрт күн бойы өтетін оқу-практикалық семинарға қатысып, әскери және экстремалды журналистика саласындағы теориялық әрі тәжірибелік даярлықтан өтеді.

Семинар ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау даярлығы орталығы базасында өтуде. Дәстүрлі жоба журналистердің экстремалды және дағдарыстық жағдайларда жұмыс істеу машықтарын жетілдіруге бағытталған.

Семинардың негізгі мақсаты – БАҚ өкілдерінің дағдарыстық жағдайларды, төтенше оқиғаларды, терроризмге қарсы операцияларды және қарулы қақтығыстарды жариялау кезіндегі кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Оқу барысында журналистер әскери қақтығыс аймағында жұмыс істеу тәртібін меңгереді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде халыққа ақпарат тарату және жедел қызметтермен бірлесіп жұмыс істеу жолдарын үйренеді.
Үш күндік оқу бағдарламасына:

  • қарулы қақтығыс аймағында жұмыс істеуге даярлық;
  • тактикалық медицина;
  • жаппай тәртіпсіздіктерді жариялау ерекшеліктері;
  • экстремалды жағдайларда автономды өмір сүру негіздері бойынша сабақтар енгізілген.

Сабақтарды дағдарыстық жағдайларда жұмыс тәжірибесі мол әскери сарапшылар мен кәсіби нұсқаушылар өткізеді. «Әскери дискурс» жобасы Қорғаныс министрлігі тарапынан 15 жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз