Тоқаев түркімен экс-президентін 69 жасқа толған туған күнімен құттықтады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Тоқаев пен Гурбагулы Бердімұхамедов
Президент туған күн иесінің қазақ-түркімен достығына қосқан үлесін атап өтті / фото: Ақорда

29 маусымда Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 69 жасқа толды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президентті туған күнімен құттықтады.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

«Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі», – деп таратты президенттің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, Тоқаев «Аркадагтың Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өткен».

«Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық болашағын талқылады», – делінген ресми мәліметте.

Гурбангулы Бердімұхамедов 1957 жылғы 29 маусымда дүниеге келген. Ол Түркіменстанда билікке 2006 жылғы желтоқсанында келіп, 2022 жылғы наурызда президент қызметінен кетті. Қазір елді оның 44 жастағы ұлы Сердар Бердімұхамедов басқарып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз