Бұзақылық және салғырттық: сотта Әсет Матаевтың қалай әрекет еткені айтылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Асет Матаев
Фото: Серикжан Ковланбаев

Алматының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. 2026 жылдың 29 маусымында прокурор Мөлдір Кәнісова айыптау актісін оқыды.

Тергеу дерегіне сәйкес, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.

Бұзақылық әрекеті

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, бұзақылыққа қатысты әрекет 2026 жылдың наурызында болған.

17 наурыз шамамен сағат 21:00-де Әсет Матаев пен Уәлихан Рамазанов «Достық Плаза» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы мекемеде алкогольдік ішімдік ішкен.

18 наурыз шамамен сағат 01:30-да екеуі Toyota Camry автокөлігіндегі екі азаматпен – Айымбетов және Әміржановпен сөзге келіп қалған. Содан кейін Матаев пен Рамазанов Hongqi маркалы таксимен кетіп қалған. Алайда Айымбетов пен Әміржанов олардың соңынан барып, былапыт сөздер айтып, жанжалды жалғастырған.

Айыптау актісіне сәйкес, осыдан кейін Матаев пен Рамазанов алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ретінде әрекет етіп, жәбірленушілердің басынан, бетінен және денесінен ұрып, тепкен.

Прокурор бұл әрекетті Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған бұзақылық) ретінде саралаған.

Міндеттеріне адал қарамау

Әсет Матаевқа тағылған екінші айып оның «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС құрылтайшысы әрі бас директоры қызметіне байланысты болып отыр. Оның тікелей лауазымдық міндетіне компанияға жалпы басшылық жасау, стратегиясын айқындау, сондай-ақ компанияның операциялық қызметін бақылау кірген.

Айыптау актісіне сәйкес, 2025 жылдың 3 сәуірі мен 13 маусымы аралығында Матаев өз міндеттеріне салғырт қарап, ақпарат агенттігінің бас редактор Әмір Қасеновтің қызметіне тиісті бақылау жүргізбеген. Соның салдарынан «ҚазТАГ» сайтында «Фридом Финанс» АҚ-ның қызметіне қатысты көрінеу жалған ақпарат қамтылған бірқатар материал жарияланған.

Айта кетейік, «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы сот процесі 15 маусымда басталды. «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов пен Астана тұрғыны Жанна Қапароваға көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы даудың қалай басталғанын мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз